01
ноябрь
2021
"ШЕТЕЛДЕ ОҚУДЫҢ, БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"
Бүгін Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің айлығының барысында "ШЕТЕЛДЕ ОҚУДЫҢ, БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" атты тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесу жиыны өтілді. Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Шетел Филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Замишева Г.А, Ақшалов Б.Қ, Ғалымжанқызы М. қатысып, білім алушыларымызбен ой бөлісті. Кездесу барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға мардымды жауаптар ала білді. Өткізілген іс-тәжірибе алмасу жұмысы жоғары деңгейде атқарылды. Осындай жоғары деңгейде өткізілген кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған #44 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне және ағылшын тілі пәнінің бірлестік жетекшісі Б.А. Қалымбетоваға және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Идиятоваға алғыс білдіреміз.