09
декабрь
2021
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны аясында №9 қалалық емханасы ШЖҚ МКК акушері Ж. Омарова, ЖДО маманы А. Қожанова, мектеп психологтары И.Максимова, А.Жапар, мектеп медбикесі Л.Сатишбекованың қатысуымен мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық (эмоционалдық), физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында "Арыңды сақта бойжеткен" тақырыбында баяндама оқылып ерте жүктіліктің қауіпі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы бойынша жаднамалар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.