«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»
ЕЛБАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МЕН ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ЖОБАЛАР
Жиналыс барысында мектеп директоры Б.Ж. Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына тоқталып өтті. Елбасы «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша,біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономи калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі,ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деп атап өткен болатын. Сонымен қатар
І. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы.
1.Бәсекелік қабілет
2.Прагматизм
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
4.Білімнің салтанат құруы
5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
ІІ. Таяу жылдардағы міндеттер берілген.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныстыру үшін «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы,тарих пәнінің мұғалімі Н.Нұрхожаевқа сөз беріледі.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады.