08
октябрь
2019
" МЕНІҢ ӘКЕМ - МЕН ҮШІН ДАРА ТҰЛҒА" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Қыркүйек айының соңғы күні Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Әкелер онкүндігі аясында " МЕНІҢ ӘКЕМ - МЕН ҮШІН ДАРА ТҰЛҒА" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға мектептің 5-10 сыныптары қамтылды. Байқаудың жүлделі 3-орынын 8-В сынып оқушысы Найзабек Аружан иеленді. Сынып жетекшісі: Өзбекова Айгерім. Жүлделі 2-орынмен 10-А сынып оқушысы Суан Есқара марапатталды .Сынып жетекшісі: Сыдықова Сәуле. Байқаудың 1-орынын 5-Б сынып оқушысы Сағымбек Айшам иеленді. Сынып жетекшісі: Шарипбаева Мақпал. 


