11
октябрь
2019
"ҮЛГІЛІ ҮЙДІҢ-ҚЫЗДАРЫ" атты семинар-треннинг өтті.
10.10.2019ж Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 8,9,10,11 сынып оқушылырының қыздарына "ҮЛГІЛІ ҮЙДІҢ-ҚЫЗДАРЫ" атты семинар-треннинг өтті. Бұл семинардың мақсаты : Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Семинар барысында "ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК" атты видеоролик көрсетілді, оқушылармен еркін форматта сұхбаттар өткізілді, олардың пікірлері тыңдалды. Осы семинарды тікелей өткізуге мұрындық болып, ұйымдастырған мектеп психологы Сарсембетова Ботагөз Серікбайқызына және мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Салтанат Мейрамбекқызына алғыс білдіреміз.


