Кезектен тыс педкеңес. » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс педкеңес.
16
февраль
2021

Кезектен тыс педкеңес.

     Бүгін 16 ақпан 2021 жылы кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде мектеп жанындағы "Еркетай" шағын орталығын жабу туралы мәселе қаралды . Мектеп директоры Баймұрат Жақсыбекұлы шағын орталықты жабу мәселесінің бірнеше себептеріне тоқталып өтті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райқұлов Маулен Райқұлұлы мектеп оқушыларымен қосымша сабақтар жүргізуге, Құрымбаева Гүлнар үйірме жұмыстарын өткізуге кабинет жетіспеушілігі, сонымен қатар пән мұғалімдері Мадина Мухатова, Жұлдыз Алтыбаева ағылшын және орыс тілі мен әдебиеті пәнін бөліп оқытудағы қиыншылықтарды, бастауыш сыныптардағы кабинет жетіспеушілігі туралы Гүлзира Толыбаева , психологиялық тренингтер өткізуде мектеп психологы Ботакөз Сарсембетова оқу кабинеттерінің тапшылығы туралы әр түрлі кедергілер туралы айтты.

   Педагогикалық кеңес шешімі бойынша ұжым мүшелері мектеп жанындағы шағын    орталықты жабу туралы дауыс берді. 




Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің кезектен тыс педагогикалық кеңесі

16 ақпан 2021 жыл                                      Тараз қаласы



                                      Күн тәртібінде:

             1. Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы.

                                                         Жақсыбеков Б.


Қатысушылар: Мектеп директоры 

                           Мектеп директорының орынбасарлары

                           Пән мұғалімдері , үйірме жетекшілері

                           Шағын орталық қызметкерлері





                             Әр түрлі мәселелер: 


1. Күнделік KZ толтыру барысы туралы.

                2.Қорытынды аттестаттау, қосымша сабақ өткізу туралы.

                3. Мектепте бірыңғай  сейсможаттығу өткізу туралы. 


Құрметті әріптестер ! Құрметті бүгінгі кезектен тыс педагогикалық кеңеске қатысушылар!


          Бүгін кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысы шақырылып отыр.

Күн тәртібінде мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы. Бұл мәселе 2017 жылдан бері қалалық әкімдіктің , білім бөлімінің алдына қойылып келеді. 2020 жылы шағын орталықты жабу туралы мәселе пандемияға байланысты кейінге қалдырылған. Шағын орталықты жабу мәселесі қалыптасып отырған жағдайға байланысты болып отыр. Оның бірнеше себебі бар.


    1. Мектепте оқушының санының артуына байланысты , сыныптар санының өсуі.

Мыс: 2019-2020 оқу жылында 1119 оқушы , 49 сыныпта білім алған

            2020-2021 оқу жылында 1132 оқушы , 48 сыныпта білім алады.


2. Мектепте жаңартылған білім беруге байланысты бөлініп оқытылатын пәндер санының өсуі. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, дене шынықтыру , технология, өзін өзі тану, информатика пәндері бөлініп оқытылады. Осыған байланысты оқу кабинеттері жетіспейді.


           2019-2020 оқу жылында 38 сынып бөлініп оқытылды.

            2020-2021 оқу жылында  39 сынып бөлініп оқытылуда.


    3. Оқу кабинеттерінің жетіспеушілігіне байланысты орыс тілі ,ағылшын тілдері қолдан жабдықталған            үшінші қабаттағы әжетханада оқиды. Бастауыш сыныптарда кабинет жетіспеушілігіне байланысты орта          және негізгі буын сыныптарының кабинеттерінде оқытылуда. Пәндік қосымша сабақтар , сабақтан тыс          үйірме жұмыстарын өткізу, жүргізу мүмкін емес, себебі бос кабинеттер жоқ.


           Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығы 2009 жылы республикалық «Балапан» бағдарламасы аясында  ашылған. Ол кезде бала бақша тапшылығына сәйкес шағын орталықта балалар толық, кей кезде балалар артығымен тізімде болатын. 2018 жылдан бастап жаңадан балалар бақшасының ашылуына және мемлекеттік жеке мекемелердің ашылуына байланысты шағын орталықта балалар саны төмен. Жалпы шағын орталық сыйымдылығы 50 балаға арналған (кезінде 70-80 балаға дейін қабылданған). Бүгінгі күні шағын орталықта тізім бойынша 2 топта 34 бала бар. Оның 7 –уі күнделікті шағын орталыққа келіп жүр. 27 бала үйінде. Алдағы уақытта тізім бойынша балалардың 2-уі 1 сыныпқа , 18-і мектеп алды даярлық сыныбына барады деп жоспарлануда   , 14 бала топтарда қалады. Егер шағын орталық жабылатын болса, қалатын 14 баланы қалалық білім бөлімі қаладағы бала бақшаларға орналастырады. Шағын орталықта бүгінгі күні 12 адам жұмыс істейді. Оның 1- әдіскер-психолог, 4 тәрбиеші, 2 тәрбиеші көмекшісі, оператор, аспаз, медбике, нұсқаушы, мұғалім болып жұмыс істейді. Егерде шағын орталық жабылатын болса ; нұсқаушы, мұғалім, медбике, аспаз жұмыспен қамтылған. Қалған әдіскер- психолог- 1, 4 тәрбиеші   , 2- тәрбиешінің көмекшісі , 1 – операторға барлығы – 8 адам: қалалық білім бөлімінің   және мектеп тарапынан жұмыс ұсынылатын болады. Егерде ұсынысқа келіспейтін болса әр қызметкерге 2 айлық жәрдем ақы берілетін болады.



Құрметті әріптестер ! Құрметті бүгінгі кезектен тыс педагогикалық кеңеске қатысушылар!



      Айтылған мәселе бүгінгі күні қордаланып келіп отыр. Бұл мәселе шешілмесе мектептің толық жұмыс жасауына мүмкін болмайды. Қазіргі  кезде мектеп жан басына шаққанда қаржыландыруға көшті. Мектеп бюджеті оқушылар санына байланысты. Бәсекеге қабілетті, мықты мектеп болу үшін оқушыларға жағдай жасауымыз керек. Ата-ана мен оқушы таңдауы шешеді. Сондықтан біз талапқа сай көзқарасымызды өзгертуіміз керек, өзімізді жан жақты дамытуымыз керек.  Оның үстіне биыл мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтудеміз. 

    Сөзімнің аяғында мектеп жанындағы шағын орталықты жабу немесе дәлелді пікірлеріңіз болса білдірулеріңізді сұраймын. Барлықтарыңызға вацап желісі арқылы гугл- да дауыс беру үшін сілтемесі жіберілді. Кеңестің аяғына дейін сілтеме арқылы дауыс беріңіздер. Мектептің болашағы сіздерді бей жай қалдырмайды деген ойдамын.

           Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


                                             Мектеп директоры Жақсыбеков Баймұраттың

                                             2021 жылғы 16 ақпан күні кезектен тыс өткен 

                                             Педагогикалық кеңесте сөйлеген сөзі.


Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің кезектен тыс педагогикалық кеңесінің шешімі

                16 ақпан 2021 жыл                                      Тараз қаласы

                                                         №



                                      Күн тәртібінде:

               2. Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы.

                                                         Жақсыбеков Б.


Қатысушылар: Мектеп директоры 

                           Мектеп директорының орынбасарлары

                           Пән мұғалімдері , үйірме жетекшілері

                           Шағын орталық қызметкерлері


Күн тәртібіндегі мәселеге   сәйкес Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің кезектен тыс педагогикалық кеңесішешім етті:

  1. Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы мектеп директоры Б.Жақсыбековтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы ұсыныс бекітілсін.
  3. Мектеп жанындағы«Еркетай» шағын орталығын жабу туралы ұсынысты Тараз қалалық білім бөлімінің алдына қою мектеп директоры Б. Жақсыбековке жүктелсін.





Мектеп директоры 

                        кеңес төрағасы                                          Б.Жақсыбеков


    Хатшы                                                     Э.Ахметова







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Awqlcr
8 марта 2024 03:21
atorvastatin 20mg price <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 10mg online</a> buy generic lipitor