17
февраль
2021
№44 орта мектебінде №19 Мобильдік топ мүшелерінің отырысы өткізілді.
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған қала прокуратурасы, білім бөлімі мен полиция басқармасының өзара іс-қимыл және есеп беру жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 17.02.2020 ж. күні Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде №19 Мобильдік топ мүшелерінің отырысы өткізілді. Отырысқа осы топтың жетекшісі Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Десебаев Нұрат Жомартұлы, мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы, мектеп инспекторы Алтынбеков Данияр, мектеп әкімшілігі және мектеп психологтары қатысты. Бөлім прокуроры сондай-ақ мектеп педагогтарымен және ата-аналармен кездесіп, тиісінше оларға қатысты Заң талаптарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мектепте дәстүрлі түрде білім алып жатқан 9, 11 сынып оқушыларынан санитарлық талаптарды сақтай отырып құқықтық сауаттылықты арттыру, мәдениетін көтеру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауалнамалар алынды.