

Қазақстанда президенттіктен үміткер кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу 21 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады. Сайлау алдындағыи үгіт-насихат жұмысы 2022 жылғы 21 қазан күні сағат 18:00-де басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қараша – үнсіздік күні. Орталық сайлау комиссиясы 21-27 қараша аралығында нәтижелерді анықтау мен сайланған президентті тіркеу жүргізеді.
Алда болатын сайлау еліміз үшін өте маңызды қадам. Сондықтан да, Президент сайлауына белседі қатысып, өз таңдауын жасау әр адамның азаматтық парызы деп есептейміз.