04
сентябрь
2023
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Тәлімгер лауазымына конкурс.
04.09.-12.09.2023 ж. аралығында Тараз қаласы, К.Азербаев көшесі 154 үй. тел:522082 Schoool_44@mail.ru. Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Тәлімгер лауазымына конкурс. 1. Тәлімгер 1 орын (нақты орын)
Конкурсқа қойылатын талаптар: Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы нөмірі 57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.Қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) денсаулық сақтау саласындағы «Есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы # ҚР ДСМ – 175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
😎 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог - модератордың, педагог – сарапшының , педагог – зерттеушінің , педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
10) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 11 қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтың уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
Конкурска қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне , кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар , біліктілік санаттар туралы құжаттар туралы көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығының) ұсынуға құқылы. Көрсетілген құжаттардың біреуі болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.