01
ноябрь
2018
Мектеп инспекторының есебі
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Т. Қ. Султаналиевтің мектептің қамқоршылық кеңесінің алдында берген есебіҚазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» №591 Заңын басшылыққа ала отырып, оқу жылына жасалынған жұмыс жоспары шеңберінде құқық бұзушылық пен қылмыстың, дәстүрлі емес діни ағымдардың, өзіне-өзі қол салудың, сонымен қатар, ерте жаста жүкті болу жағдайларының алдын алу бағыттары бойынша мектепте жоспарға сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа оқу жылының басталғаны кеше ғана болса да, қаламызда оқушылар арасында түрлі қылмыстық жағдайлар орын алып үлгерді. Атап айтар болсақ:
- №41 гимназияның 8 сынып оқушысы Ақылбекова Карина кешкі сағат 18.00-де жергілікті полиция қызметіне (ІІБ) масаңқы күйінде жеткізілген. Анықтау барысында оқушы қыз достарымен өңірдегі дәріханалардың бірінен этил спиртін алып, оған су араластыру арқылы ішкен. Дәл осындай жағдаймен №30 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Жылқыбеков Самат та түскен.
- №10 орта мектептің 8Ә сынып Шапай Ербол сыныптасы Алпысбай Саятқа кикілжің барысында аяғынан пышақпен соққы жасаған.
- №35 орта мектептің 5 сынып оқушысы Басманов Серік сыныптасы Старцева Юлианамен сөзге келіп, балағат сөз айтқан.
- №23 орта мектептің 9 сынып оқушысы Каст Александр үйінен ақша ұрлап, ұзақ уақыт қашып жүрген. Дәл осы жағдай бойынша №46 орта мектептің 6 сынып оқушысы Сарымолдаев балалар үйінің тәрбиеленушісі Шестопалов Виталий қашып жүрген.
- Сынып жетекшілер мен ата-аналардың жауапкершілік танытпауынан №14 орта мектеп пен №45 гимназияның бастауыш сынып оқушылары сабақтан кейін үйлеріне өздері қайтып, жолда адасып, 102 нөміріне хабар беріп, іздестіру фактілері тіркелген.
- Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерлерде сағат 22.00-ден кейін ұсталғандар Абаева А.М. (№25ОМ), Махатай Н.А. (№35ОМ), Ержанов Е.Е. (№5МГ), Камалов А.Н. (№17ОМ), Гузь Р.В. (№41 гимн.).
- №40 гимназияның 4 сынып оқушысы Несіпбай Жанайым ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні сағат 13.05 шамасында сабаққа келе жатып есінен танып құлаған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенде оқушы сол жерде жан тапсырған. Аталған оқушы 5 жасына дейін диспансерлік есепте (ВПС) тұрған.
- №29 орта мектеп 9 сынып оқушысы Жайлаубаев Данияр мен 10 сынып оқушысы Алтынбек Нұрдос арасында 17.09.2018 жылы сабақтан кейін сағат 14.15-те төбелес орын алған.
- №2 орта мектеп 10 сынып оқушылары (7 оқушы, 2 қыз, 5 бала) және АЭС колледжінің 1 курс білімгері 2018 жылғы 20 қыркүйекте Төле би даңғылының бойында орналасқан «Арал» кафесінде сағат 18.00-20.40 шамасында туған күн кешін тойлаған. Үйлеріне жаяу қайтып бара жатқан кезінде қарсы беттен бір топ бала кездестіріп, колледж білімгерінің жақ бетінен қатты соққы жасап, өлтіріп қойған. Сондағы төбелес оқушы қыздың қолындағы үрленген шарды жарып жіберуінен басталған.
2018 жылғы 17-22 қыркүйек аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты кезекшілік рейд болып өтті. Рейд барысында ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген мектебіміздің оқушылары анықталған жоқ. Айына бір рет мектепішілік рейд жұмысы жүргізіліп отыр. Оның мақсаты оқушылардың мектеп қабырғасына тыйым салынған заттарды әкелмеу.
Мектепте қалалық полиция бөлімінің есебінде тұратын бір оқушы бар. 10А сынып оқушысы Ахмет Жан биылғы жазғы каникул кезінде, яғни, 14.06.2018 ж. кешкі мезгілде орталық алаңда заңды өкілдерінің қарауынсыз жүргені үшін ұсталып есепке алынған. Оқушыға АӘД пәні мұғалімі Исаев Қасым тәлімгер болып бекітілді. Жан сабақтан тыс кезде «Достық» білім орталығына ағылшын тілінен курсқа барады. Оқушының тәртібі жақсы, оқу үлгерімі орташа.
Мектепішілік есепте 9Б сыныптан Ажахметов Жанғазы атты оқушы бар. Есепке 2016 жылы мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін қойылған. Оқушыға сынып жетекшісі Әуезова Гульвира тәлімгер ретінде бекітілген. Сабақтан тыс уақытта футбол үйірмесіне қатысады. Қазіргі таңда оқушының тәртібі жақсы, алдағы уақытта есептен шығарылу көзделіп отыр.