11
ноябрь
2023
Жетісу ділмарлары" Пікірсайыс қозғалысы "Ұлы Жібек жолындағы ділмарлар" атты Республикалық Пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 11-12 қарашасында Талдықорған қаласында "Жетісу облысы әкімдігі Білім басқармасының" қолдауымен "Адал ұрпақ" қоғамдық бірлестігінің "Жетісу ділмарлары" Пікірсайыс қозғалысы "Ұлы Жібек жолындағы ділмарлар" атты Республикалық Пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Аталған Пікірсайыс турнирінде мектебіміздің 10 "А" сынып білім алушысы Ораз Әмина Жамбыл облысының намысын қорғап, жоғары деңгейде ойын көрсетіп, нәтижесінде "Үздік спикер" номинациясын иеленді.
Білім алушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асулары биік болсын!