17
январь
2024
"Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі" КММ-де жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау
"Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі" КММ-де жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау барысында,сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан тәрбие сағаты жоспарына сәйкес, 9-сынып білім алушыларының арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында құқықтық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып,құқықтық мағлұмат беру; білімдерін дағдыландыру;саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып,шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР адал қызмет етуге, Ата-заңды құрметтеуге,
адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында білім алушыларға "Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу" туралы түсінік берілді,викториналық сұрақ-жауаптар қойылып, "Жағдаяттан шығу" топтық тапсырмалар орындалып сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың міндетіміз,адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар дей
отырып,қорытындыланды.