29
апрель
2024
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Ұлы жеңіс күніне арналған сынып сағаттары өтілді.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Ұлы жеңіс күніне арналған сынып сағаттары өтілді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы елін жаудан қорғап қалған ержүрек Отандастарымыз туралы түсінік беру;
Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру;
Ата-бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұту;
Сынып сағаты Әнұранмен басталып, Әрқашан күн сөнбесін әнімен жалғасты. Оқушыларға халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының ерлік істері туралы мәлімет берілді. Оқушылар ержүрек батырларымызға жыр шумақтарын арнады.