28
ноябрь
2024
"География шыңына жол" тақырыбында сайыс сабақ өткізілді
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің айлығы аясында 28.11.2024 ж. 10-сыныптар арасында география пән мұғалімдері Жолдыбаева Г., Құлжабаева Г., Рысалдиева Б., Шеримова Р., Нұрбекова А. ұйымдастыруымен "География шыңына жол" тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сыныптан тыс жұмыс барысында lumio платформасында географиялық блиц-сұрақтарға жауап беру, картамен жұмыс, "Домино" әдісі бойынша табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдерді сәйкестендіру, географиялық жұмбақтарды шешу, дүниежүзі елдерінің туы бойынша ел атауын, астанасын, валютасы мен мемлекеттік тілін табу тапсырмалары орындалды. Көрермендер арасында географиялық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушылар сыйлықтармен иеленді.
Сайысқа қатысушы командалар 1-топ "Барометр", 2-топ "Желбағар", 3-топ "Компас" жинаған ұпай сандары бойынша жүлделі орындар иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Сыныптан тыс жұмыс жақсы деп бағаланды.