14
апрель
2025
2025 жылдың 11 сәуір күні мектебімізде қорытынды аттестаттау науқанына байланысты бітіруші түлектердің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
2025 жылдың 11 сәуір күні мектебімізде қорытынды аттестаттау науқанына байланысты бітіруші түлектердің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды қорытынды аттестаттаудың тәртібімен, талаптарымен және маңызды мерзімдермен таныстыру, сондай-ақ, оқушыларға қолдау көрсету жолдарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері аттестаттау ережелері мен форматтарын түсіндіріп, дайындық жұмыстары туралы ақпараттар берді.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Жиналыс нәтижелі өтіп, ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы тағы бір мәрте дәлелденді.