23
май
2019
"Жеңіс күні" мерекесіне орай "ЕРЛІГІ БАБАЛАРДЫҢ ЕЛ ЕСІНДЕ!" атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Қазақстан -2020 болашаққа жол" ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020ж дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және 9-мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай "ЕРЛІГІ БАБАЛАРДЫҢ ЕЛ ЕСІНДЕ!" атты мектеп оқушылары арасында қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. ІІІ орынды 44 орта мектеп атынан қатысқан сөз маржандарын өлеңіне қосқан алғыр қызымыз Нұркелді Айкен алса, ІІ орынды 54 мектептен келген ақын қыз Кенжебай Нұрбибі қанжығасына байлады. Жарыстың І орын иегері 26 мектептің намысын қорғап келген , өзінің нағыз ақынға лайық өлеңдерімен көрермендер көзайымына айналған Жақсылық Әмина атанды. Жүлдегерлер ұйымдастырушылар алқасының арнайы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.