02
март
2020
"Мектеп асханасы" қайырымдылық акциясы өтті.
2019-2020 оқу жылының 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Мектеп асханасы" қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында сурет көрмесі, "Денсаулыққа зиянды тағамдар" тақырыбында эссе жазу, "Ас адамның арқауы" тақырыбында қабырға газеттерін шығару жоспарда орын алды. Өткізілген іс-шаралар бойынша белсенді оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды. 