05
ноябрь
2020
«Менің мамандығым, менің мақтанышым!» атты кездесу - тренинг өтті.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 9,10,11-сынып білім алушылармен ақын, блогер, Қазбілім республикалық оқу орталығының құрылтайшысы, ЕҰУ PhD докторанты, ұстаз, kazbilim.kz порталының бас редакторы, Nur-Sultan қаласы N51 мг директоры, мотиватор Аятжан Ахметжанұлымен «Менің мамандығым, менің мақтанышым!» атты кездесу - тренинг өтті.
Кездесу барысынды Аятжан Ахметжанұлы мамандық таңдау, мамандық түрлері жайлы сұхбаттаса отырып, мектеп бітіруші түлектерге биылғы оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тесттің өзіндік ерекшелігі жайлы ақпарат беріп өтті.
Қазақ тілі пән мұғалімдерінің 9,10,11 - сынып оқушыларымен ұйымдастырылған " Менің мамандығым, менің мақтанышым" атты сыныптан тыс онлайн тренингтің білім алушыларға мамандық таңдау бойынша тұщымды пікірлер алмасуына септігін тигізді. Тренинг жүргізушісі Байлиева Жанат Қаппарқызына, осындай мағыналы кездесудің ұйытқысы болған Сыдықова Сәуле Өменқызына, кәсіптік бағдар беру бойынша Айман Ерғалиқызына, жоғары сынып оқушыларына ҰБТ дайындық жұмыстары бойынша ақпараттандырған Райқұлов Мәулен Райкұлұлына, белсенділік танытқан қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік кабинеттің атынан алғыс білдіреміз.
