03
ноябрь
2021
Дарынды балалардың мотивациясын көтеруге арналған психологиялық тренинг
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде ДҒӘІЖО Г. Идиятова мен педагог-психолог А.Жапардың ұйымдастыруымен 5-7 сынып білім алушыларымен дарынды балалардың мотивациясын көтеруге арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингтің барысында бейнероликтер көрсетіліп топтық жұмыстар жүргізілді. Білім алушылар өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. "Жетістік қаласының тұрғындары", " Ақша қар", "Мен күнмін" жаттығулары жүргізілді.Тренингтің мақсаты білім алушылардың жеке қабілеттерін білуге тәрбиелей отырып дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды "Мен" концепциясын қалыптастыру. 