04
сентябрь
2023
"Мектебім — мейірім мекені"
Шона Смаханұлы атындағы №44орта мектебінде білім мерекесіне орай "Мектебім — мейірім мекені" атты салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз кезегін қалалық білім бөлімінің басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызына беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеп ізгі тілегін білдірді. Келесі кезекте құттықтау сөз мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мұқанқызына беріліп, мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты. Салтанатты жиын өнерпаз оқушыларымыздың орындауында әсем әнмен жалғасып, алғашқы қоңырау соғылды. Жиын соңында барлық сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
БАРШАҢЫЗҒА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!