07
сентябрь
2022
«Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында 2022 жылғы 7 қыркүйек күні жалпыхалықтық диктант өтті.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында 2022 жылғы 7 қыркүйек күні жалпыхалықтық диктант өтті.
Диктант қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жазылыпкемеңгер тұлғаның өмірінен ақпарат алды.
Жалпыхалықтық диктантқа мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, мектеп оқушылары қамтылды.
