17
март
2023
«Үздік педагог-2023»
Шығармашылықпен жұмыс істейтін ой өрісі кең, парасатты өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік
шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында, біздің мектебімізде 13 наурыздан бастап «Үздік педагог-2023» байқауы өткізілуде. Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде «Педагог қандай болу керек?» тақырыбында эссе жазып, ұстаздардың пәндік және педагогикалық білімдерін анықтау мақсатында тест тапсырды.