Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында өткізілген “Табиғатты қорғау – болашақты ойлау” атты мектепішілік экофорум
Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің жаратылыстану пән бірлестігі біріге отырып, «Табиғатты қорғау, болашақты ойлау» атты тақырыбында мектепішілік Экофорум іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Жасыл - Ел Тараз» ЖШС көгалдандырылу учаскесінің меңгерушісі Оразалина Гулнар Бейсенбақызы, ТарМПУ ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидат докторы Алтынсариев Алмат Жақсибаевич, ТИГУ география ғылымдарының кандидаты, доктар Ботпаев Абдуллин Керімбаевич қонақтар болып шақырылды. Іс-шара барысында «Жамбыл облысының экологиясы» атты баяндаманы 10-сынып білім алушысы Балтабаева Бибіназ оқыды. «Қазағымсың» атты әнін 5-сынып білім алушы Заушева Айлун орындады. 5-6 сыныптар арасында «Табиғатты аялайық» атты тақырыбында эссе, 7-10 сыныптар арасында «Табиғатты аялайық» атты тақырыбында сурет байқауы жүргізілді және «Керексіз заттардың екінші өмірі» атты көрме ұйымдастырылып білім алушылар мадақтамалар мен марапатталды. 10 сыныптар арасында «Табиғат аясында» көрініс қойылымы көрсетіліп. «Табиғат» атты экофорум гимнімен аякталды.