25
январь
2020
"ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ" атты семинар өтті.
2020 жылдың 24 қаңтар күні мектебімізде "ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ" атты семинар өтті. Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру барысында мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру. Семинарға қала мектептерінен 35мұғалім, ТарМПУ-нен арнайы қонақтар және қалалық білім бөлімінен әдіскер келіп қатысты. Семинарды мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы ашып беріп, қатысушы қонақтар мен ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. ТарМПУ-нен келген арнайы қонағымыз Исматова Сейсекүл апайымыз Абай Құнанбаев туралы тұшымды ойлар мен пайымды пікірлер айтып семинардың көркін қыздырды. Семинар коучингпен басталды. Оны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеуші Сыдықова Сәуле Өменқызы жүргізді. Одан соң ашық сабақтар өтті. 1."ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕҢІЗДЕР" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеуші Мамешова Айгүл.
2. "ӘЛЕМДЕГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-модератор Өзбекова Айгерім,
3. М. Әуезов "КӨКСЕРЕК"әңгімесі тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің екінші санатты мұғалімі Ахметова Эльмира ашық сабақтар өтті. Ашық сабақтар барысында ұстаздарымыз өздерінің түрлі тәжірибесін, әдіс-тәсілдерін келген қонақтармен бөлісті. Одан соң" АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ" атты әдеби сазды кеш өткізілді. Бұл кеш Ұлы Абайдың 175ж мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған жоғары деңгейде өткен іс-шара болды. Абайға арналған кеш барысында оның қара сөздері, әндері, өлеңдері, көріністері сахнада орын тапты. Абайдың қара сөздері үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқылды. Сонымен қатар оқушыларымыздың Абайға арнау өлеңдері оқылды. Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ан көрме ұйымдастырылып кітаптары көрсетілді. Семинар соңынан мұғалімдер рефлексия жасап, кері байланыс ретінде өз ойларын ортаға салды. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Идиятова Гүлзира Жандаулетқызы семинарды қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Осындай семинардың жоғары деңгейде өтуіне тікелей мұрындық болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Сыдықова Сәуле Өменқызына және директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Идиятова Гүлзира Жандаулетқызына алғыс айтамыз.