09
декабрь
2022
9 желтоқсан күні Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Д.А. Қонаев-ғасырдың дара перзенті» тақырыбында тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
9 желтоқсан күні Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Д.А. Қонаев-ғасырдың дара перзенті» тақырыбында тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Халықаралық Д.А. Қонаев қоры Жамбыл облыстық бөлімшесінің мүшесі Миллионов Жаңабай ағамыз, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих магистрі, аға оқытушысы Мырзахмет Ғалия Кеңесбайқызы, Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Расулова Мира Алметовна, Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Баймбетова Асель Жусипалиевна, мектебіміздің басшысы, орынбасарлары, мұғалімдері және 10-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының еңбектері мен қоғамдағы рөлін, еңбек жолын насихаттау, мемлекет қайраткерінің өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұмат беру.
Шара барысында оқушыларға Д.Қонаевтың өмір жолы мен өнегесі, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, шығармалары, ғылыми еңбектері, өсиет сөздері баяндалып, ұлы тұлғаның үлгі тұтарлық қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңірудің маңыздылығы айтылды. Ұлы тұлғаның ел қамы үшін жасаған ірі істері барынша дәріптелді.
Оқушылар қонақтарға Д.А. Қонаевтың өмірбаяны, отбасы, еңбек жолдары, атқарған қызметі жайлы сауалдарын қойды.
Сонымен қатар Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы көрме ұйымдастырды. Көрмеге Қонаевтың портреті, кітаптары, нақыл сөздері қойылды.
Дөңгелек үстелді мектебіміздің басшысы С.М. Иманбекова қорытындылады, қонақтар алғыс хаттармен марапатталды.