07
декабрь
2022
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің қоғамдық пән бірлестігінің айлығында тарих пән мұғалімі Ташкараева Гулдана Серикбаевна 5 "Ә" сынып білім алушыларымен "Сақтар туралы мәліметтер" тақырыбында тәжірибе алмасу сабағын өткізді.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің қоғамдық пән бірлестігінің айлығында тарих пән мұғалімі Ташкараева Гулдана Серикбаевна 5 "Ә" сынып білім алушыларымен "Сақтар туралы мәліметтер" тақырыбында тәжірибе алмасу сабағын өткізді. Білім алушылардан "Wordwall" платформасындағы «Айналмалы шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Топқа бөлуде «Me-qr.com» платформасындағы «QR generator app» әдісін қолданды. Білім алушылар жаңа сабақтың тақырыбын ребусты шешу арқылы тапты. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды. Сабақты бекітуде «Торт тілігі» әдісін қолданды.«Білім қоржыны» әдісі арқылы білім алушылардан кері байланыс алынды.