Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2019-2020 оқу жылы » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2019-2020 оқу жылы
22
май
2020

Қамқоршылық кеңесінің отырысы 2019-2020 оқу жылы

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері!

Құрметті ата-аналар, мектеп мұғалімдері және бүгінгі есеп жиынына қатысушылар!


       Қамқоршылық кеңесінің отырысына мектеп директорының 2019-2020 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебін Сіздердің назарларыңызға ұсынамын.

        2019-2020 оқу жылының басында     1133        оқушы болса , бүгінгі күні оқу жылы қорытындысы бойынша 1119 оқушымен аяқтағалы отырмыз. Биылғы оқу жылында 1- 11 сыныптар 49 сыныпта,  4 мектеп алды даярлық сыныбында  66 тәрбиеленуші білім алды. Оқу жылы қорытындысы бойынша   217 оқушы үздік (19%), 598 `(53%) оқу екпіндісін құрады. Оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің жалпы білім сапасы – 72,8% болды. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы  64 % болған. Өсім 8,8% құрап отыр.

             Үстіміздегі жылы мектебімізді 50 оқушы 11 сыныпты , 111 оқушы 9 сыныпты аяқтағалы отыр.  Елімізде пандемияға қарсы төтенше кейіннен карантин жағдайы енгізілуіне байланысты сыныптан сыныпқа көшу емтихандары және 9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттау өтпейді.  Осыған орай  2019-2020  оқу жылында 3 «Алтын белгі» иегерлері: 11 «А» сынып оқушылары Бекмұрат Аяжан,Хамитова Айгерім, Амильбек Нұрболат, 3 «Ерекше аттестат» иелері:11 «А» сынып оқушысы Нұрлан Аружан, 11 «Ә» сынып оқушылары Сағынбекова Аяулым, Ақжігітова Аққу. Сонымен қатар 9 сыныптан 6 оқушы «Ерекеше аттестатпен» аяқтағалы отыр. Олар: Қуатбек Маржан , Маратова Іңкәр 9-а, Салтаева Альбина 9-ә, Белғожаева Аружан, Сағынбеков Арсен, Майконова Ақкербез 9-б сыныбынан.


         Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4,9 ,10 сыныптар оқыды. 11 сыныптар бұрынғы ескі бағдарлама бойынша білім алды. Мектеп екі ауысымда оқиды


      Қазақстан Республикасы Конституциясының 30- бабының 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47 – бабының 1 тармағына сәйкес жалпы орта білім беру талабы бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқу жылы барысында оқумен қамтылмай қалған оқушы жоқ.    13 оқушы үйде оқытылады (4 қыз, 9 ер бала). Жалпы білім бағдарламасымен 6 оқушы ,   жүйке дамуының тежелуі бойынша бағдарламамен 7 оқушы оқиды.  Жалпыға міндетті білім беру қорынан тұрмысы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан 301 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды (26,8%) , өткен оқу жылы 203 оқушы болған. 

  Оқу жылының басында оқушылардың әлеуметтік картасы жасалынды. Соның ішінде әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім, көп балалы отбасындағы оқушылар 301 бала тізімге алынды және жалпыға міндетті білім беру қорынан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім, көп балалы отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Мектеп оқушылары 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілген. Мектепте жалпы кітап қоры 31652 дана, оқулықтар саны – 23620 дана,көркем әдебиет – 7732, электронды оқулықтар -175.


2019-2020 оқу жылында «Мектепке барар жол» акциясы бойынша тамыз айында  әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен  мектеп оқушыларына көмек көрсетілді. «Аса» қайырымдылық қоры мектебіміздің 10 оқушысына оқу құралдары және мектеп сумкасымен көмек көрсетті. «Мектепке барар жол» акциясы бойынша мектеп ұжымы атынан мектеп алды даярлық сыныбының оқушысына (Абилдаев Нұрсұлтанға ) қыстық шалбар, қыстық жемпір, сумка және даярлық сыныпқа арналған кітаптар («Сөйлеуді дамыту», «Қоршаған орта негіздері және жаратылыстану», «Қауіпсіздік негіздері») сатып әперілді. 

 2019 жылдың тамыз-қыркүйек  айларында ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысын басшылыққа ала отырып, материалдық жағдайы төмен аз қамтылған ата-анасы жоқ жетім, қамқорлыққа алынған балалар, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларға барлығы - 203 оқушыға қыстық сырт киім мен қыстық аяқ киім, мектеп формасы, ақ көйлек, сумка және қыстық бас киім таратылды. Оның ішінде ер балалар саны - 103, қыз балалар саны – 101.

 2020 жылдың «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы негізінде мектеп ұжымы атынан аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 15 оқушыға азық-түлікпен және киіммен көмек көрсетілді. 


Мектеп оқушыларына жазғы демалыста сауықтыру жұмыстары ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Қала сыртындағы лагерьге аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан 60 оқушы ата-аналарының өтініштері бойынша қамтылатын болады. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

           Бүгінгі күні қалалық ПБ есебінде тұрған оқушылар жоқ. Өткен оқу жылында 2 бала есепте тұрған.

Мектепішілік есептегі оқушы саны: 6

Олар 9Г сынып оқушылары Қырғызтай Нұршат, Тоқсейітов Арсен, Нұркелді Әділет телефон ұрлығы үшін, 11 А сынып оқушылары Қуатбаев Нұрсұлтан мен Қрықбай Мұхамеджан және 8В сынып оқушысы Келгенбай Керемет ұзақ уақыт бойы сабаққа себепсіз келмегені үшін қойылған. 

              Осы оқу жылының қорытындысы бойынша барлығы да мектепішілік есептен алынатын болады.

Әжетханалар мектеп ішінде орналасқан

Бейнебақылау камераларының жалпы саны: 22. Оның 10 мектеп ішінде, 12 сыртта орналасқан.  Осы оқу жылында  14 бейне камералары  орнатылды.


        Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектепте сабақтан, мектептен тыс 19 үйірмен жұмыс жасайды. Оған 732 оқушы қамтылған (65%). Атап айтқанда ; домбыра, би, ән , шахмат, қолөнер, шеберқолдар, , тоғызқұмалақ, «Былғары доп», волейбол, қылқалам т.б.  келесі оқу жылында оқушылар мен ата-аналар сұраныстарына сай үйірмелер ашу жоспарланып отыр.

                  Жалпы биылғы оқу жылында Халықаралық байқаулардан 8 «Бас жүлде», Республикалық байқаулардан 85 орын, облыстық байқаулардан 20 орын, қалалық байқаулардан 9 орын иеленді. Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық  марафонынан 72 оқушы жүлделі орын иеленді. Математика пәнінен өткізілген  республикалық «Самұрық» пән олимпиадасы бойынша 22 оқушы, «Кенгуру» байқауынан 70 оқушы дипломмен марапатталды. Халықаралық « ПОНИ» байқауынан 47 оқушы жүлделі орын алды. Орыс тілі пәнінен ұйымдастырылған « Русский медвежонок»   байқауынан 14 оқушы дипломмен марапатталды. Ағылшын пәнінен өткен « BRITISH BULLDOG» байқауынан 35 оқушы орын алды.   Қашықтықтан ұйымдастырылған   пәндік олимпиадалардан 57 оқушы жүлделі орындар иеленді.  Қалалық пән олимпиадасынан орыс тілі пәнінен 9 Ә сынып оқушысы Шаймерден Әмина жүлделі ІІ орын иеленді.  Қалалық ғылыми жобалар байқауынан « Өлкетану» бағыты бойынша 10 А сынып оқушысы   Балтабаева Бибіназ жүлделі ІІ орын иеленіп облыстық байқауға қатысты. Қалалық эссе жазу байқауынан орыс тілі пәнінен   7  Б сынып оқушысы  Тимур Нұрай жүлделі ІІ орын иеленді.

       Мектепте 173 мұғалім жұмыс істейді . Оның :  20 – жоғары, 26 – бірінші , 25 – екінші санатты ,  19 – педагог – модератор , 22 – педагог –сарапшы, 28 – педагог – зерттеуші. Жоғары санатты мұғалімдер – 55% құрайды.

      Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші жас ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар жетістігіне тоқталатын болсақ, қашықтықта ұйымдастырылған пәндік олимпиадаларда белсенділік танытып, көптеген жүлделі орындар иеленді: Дарын онлайн платформасы жариялаған « Кемеңгер ұстаз» байқауынан-48 педагог, «Kaztest» -36 педагог, « ПедСтарт»- 11 педагог, «KiO»-46 педагог,«TiO»-7 педагог, «NiO»- 26 педагог, « Поиск педагога» -3 педагог, пән олимпиадалары- 55 мұғалім, « Просвещение» -6 мұғалім.


Қалалық білім бөлімінің 2019 жылдың 15 қарашасындағы  бұйрығына сәйкес  мектеп жетекші мектеп болып бекітілді. Серіктес мектеп ретінде №50,№54 орта мектептер бекітілді. Серіктес топтармен «Серпін» желілік қауымдастығы құрылып , өзара байланыс жоспары бойынша жұмыс атқарылуда.  Өткен оқу жылы барысында шығармашыл мұғалімдер тобы  «Lesson stady»зерттеу жұмысы бойынша 4 топ болып жұмыс жасаған болса, биылғы оқу жылында көшбасшы ұстаздардан 8 топ құрылып , зерттеу жұмысы жүргізілді. Мұғалімдердің 50% іс-әрекетті зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Мектеп ішілік  «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу», «тәжірибедегі рефлексия» курстарынан өткен әріптестер жұмылдырылған.  Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады.

          Биылғы оқу жылы ерекше болып өтті. Оның айғағы наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 4 – ші оқу тоқсаны қашықтан оқу үрдісінде өтті. Әрине қашықтан оқыту естіген болмаса мұғалімер, оқушылар, ата-аналар үшін жаңалық болды. Бұл үрдісті игеру үшін арайы семинар, курстар ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қашықтан оқыту өз деңгейінде өтті. Оқу тоқсаны барысында арыз-шағым түскен жоқ. 


Каратинге байланысты қашықтықтан оқуға байланыс құралы жоқтығы себебінен сабаққа қамтылмаған екі отбасының балаларына мектеп ұжымы атынан  ұялы телефон әперілді.    ( Олар: 8-Б сынып оқушысы Бақтұғұл Балнұр мен 4-Ә сынып оқушысы Махамбетқызы Сезім.).

 11 оқушының отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.    (Олар: 4-Г сынып оқушысы Асау Мөлдір, 2-А сынып оқушысы Мейрамсопы Шапағат, 4-Б сынып оқушысы  Аманкелді Ақсезім, 6-Б сынып оқушысы Дүйсетай Арман, 3-Б сынып оқушысы Маматай Арайлым, 5-Д сынып оқушысы Әріпбай Жандос, 5-В сынып оқушысы Асылбек Дінмұхаммед, 4-В сынып оқушысы Құрманбаева Ақбаян, 6-Ә сынып оқушысы Шәкір Нүрила, 3-В сынып оқушысы Ажахмет Рамазан.Байназарова Халида МАД).   

мектеп тарапынан 19 оқушыға және 8 мұғалімге уақытша пайдалануға 27 компьютер берілді.


Мектеп ұжымы оқу жылы барысында оқушыларға тәрбие білім беріп қоймай оларды. Адал болуға , жат қылықтарға жол бермеу бағытында жұмыстар жүргІзді: Соның бірі сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Бұл тақырыпта пед. Кеңес , ата-аналар , оқушылар жиналыстары өткізілді. Мектеп тарапынан бұл бағытта төмендегіше жұмыстар жүргізілуде:

  1. Мұғалім қызметкерлерді жұмысқа қабылдау Секен  Кz, Еңбек Кz арқылы жүргізілуде
  2. Мектепке 1-ші сыныпқа қабылдау автоматтандыру арқылы жүргізіледі.
  3. Мектепте адалдық алаңы ашылып , адал ұрпақ ұйымы, адалдық дүкені  және бұрышы жұмыс істеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.


Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері !

Құрметті ата-аналар ,мектеп мұғалімдері және бүгінгі есеп жиынына қатысушылар!


         Бірнеше күннен кейін оқу жылы аяқталғалы отыр. Бүгінгі күнгі жазғы демалыс кезеңінде мектепті жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мектеп ғимаратын , кабинеттерді ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. 

      Үстіміздегі жылы қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдары жан басына шаққанда қаржыландыру саясатына көшкелі отыр. Осыған сәйкес 2020 жылдың қаңтарынан бастап мектебімізде бухгалтерия ашылды. Мектеп бюджеті бекітілді. Мектеп бюджеті Мектеп сайтына орналастырылды. Үстіміздегі жылы мектеп ауласына әмбебап спорт алаңы, мектеп асханасына ауа сорғыш қондырғысы орнатылады, екі сынып комплектісі алынады деп жоспарланып отыр.

       Алдағы уақытта жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік туады деп отырмыз.

       Мектептің материалдық техникалық базасын нығайту  үшін демеушілер көмегімен 3 интерактивті тақталар алып қондырылды, принтерлер , мектеп ауласына 250 терек көшеттері егілді. 

       Атқарылып отырған жұмыстарға қарамастан біраз проблемалар бар. Ол проблемалар біртіндеп шешілуде. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта жалғастырамыз. Мектеп ұжымы мен әкімшілігі бұл мәселелрді шешу үшін күнделікті айналысудамыз. Мектеп өміріне , дамуына , проблемасын  шешуге ата-аналарды және қамқоршылық кеңесінің мүшелерін белсенді  атсалысуға шақырамын. Бала тәрбиесі ортақ іс екенін есімізден шығармайық.


                         Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта        мектебінің директоры Жақсыбеков Баймұраттың Қамқоршылық кеңеспен , ата-аналар алдындағы есебі.                                       

                            22 мамыр 2020 жыл








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Lzacbp
8 марта 2024 23:56
atorvastatin 10mg pill <a href="https://lipiws.top/">buy lipitor generic</a> order atorvastatin 80mg without prescription