2019 жылғы ҰБТ қатысты бес маңызды пункттер. » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019 жылғы ҰБТ қатысты бес маңызды пункттер.
15
январь
2019

2019 жылғы ҰБТ қатысты бес маңызды пункттер.

2019 жылғы ҰБТ қатысты бес маңызды пункттер.


      Біріншісі және ең маңыздысы – ҰБТ форматы бойынша бұрыңғыдай қалады және формат бойынша өзгерістер болмайды. 
Пәндердің саны бұрыңғыдай 5 және тест тапсырмалары – 120, максималды баллдар саны – бұрыңғыдай, өзгермеген, 140. 
Талапкер әдеттегідей 3 міндетті пәндерді тапсырады: 
- Қазақстан тарихы,
- математикалық сауаттылық,
- оқу сауаттылығы.
Және өзі таңдаған мамандық бойынша 2 салалық пәндер.
Екіншісі.
      2019-шы жылдан бастап енді ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамызда. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 3 рет болатын: маусым, тамыз, қаңтарда.
Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ге қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне ғана түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы болады. 
Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі, жәнеде олар грант алуға жарамайды. 
      Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырып, тек соның қорытындысы бойынша ғана грант байқауына қатыса алады, және де жоғары балл жинаған кезде ғана бюджет есебінен білім ала алады.
      Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлерге 4 ҰБТ біріне қатысып, шекті балл жинаса жеткілікті. 
Мысалы, талапкер қаңтардағы ҰБТ қатысып, 120 балл жинайды – енді ол 1-ші ақпанда ЖОО қабылдау комиссиясына барып, бірден шартты түрде ақылы бөлімге тіркеле алады, ал егер соңыра грант алғысы келіп, маусымда ҰБТ қатысып 50 балл жинаса, онда ол қаңтардағы 120 балл жинаған сертификатын көрсетіп, грантқа үміттене алмайды. Грант үшін ҰБТ маусымдағы нәтижесі ғана жарамды, сондықтан ол ақылы түрде оқуға түсе алады.
Үшіншісі.
Қаңтарда ҰБТ-ге 3 санаттағылар қатыс алады: 
1. 11 немесе 12 бітіруші сыныптардың оқушылары; 
2. қыркүйекте ЖОО-на шартты түрде оқуға түскендер; 
3. шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысып жатқан студенттер. 
Наурызда ҰБТ тек 11 немесе 12 бітіруші сыныптардың оқушылары ғана тапсырады. 
Маусымда грантқа үміткер барлық санаттар тапсыра алады. 
Тамызда - ақылы бөлімге түсетіндер және осыған дейін қажетті балл жинай алмағандардың барлығы.
Төртіншісі.
      Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер үшін екі салалық пән бойынша емтихан тапсырулары керек.

Похожие публикации:

15 июнь 2017 ҰБТ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Cqjaqg
7 марта 2024 13:00
atorvastatin 80mg pills <a href="https://lipiws.top/">lipitor order</a> buy lipitor 80mg for sale