"Экология және еңбек фракциясы" жобасы бойынша «Табиғат тамашалары»
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 5- сыныптар арасында "Экология және еңбек фракциясы" жобасы бойынша «Табиғат тамашалары» атты мектепішілік сурет байқауы өткізілді. Жобаның мақсаты-мектеп жанында эстетикалық және экологиялық тартымды кеңістік құру, еңбекқорлықты, өз мектебіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және практикалық-бағдарлы оқыту қағидатын жүзеге асыру