26
декабрь
2025
Құрметті ата –аналар!
Мектеп жанында орналасқан сауда обьектілерінде көбінесе сатылатын өнімдер - өндіруші туралы ақпарат,сәйкестік туралы декларация,санитариялық, гигиеналық және техникалық талаптардың сақталуы туралы мәліметтері жоқ өнімдер болып табылады. Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, өндіріс жағдайларын, сақтау және тасымалдау режимін, жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн.
Мұндай өнімді сатып алу және тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, атап айтқанда ,тамақтан улануды, жұқпалы ауруларды, аллергиялық реакцияларды, тыйым салынған немесе нормадан асатын химиялық заттардың әсерін,өнімнің микробиологиялық ластануын тудыруы мүмкін (мысалы, дәмдеуіштер мен химиялық қоспалардың каустикалық қоспасы асқазан – ішек жолдарының шырышты қабығын «күйдіруі» мүмкін. Сонымен қатар, тұз бен дәмдеуіштердің жоғарғы мөлшері оларды жүрек – қан тамырлары және бүйрек аурулары бар адамдар үшін жарамсыз етеді. Балаларға арналған кейбір чипстерде композицияның 1/3 бөлігін май алады, ал өнімдегі гидрленген май семіздік, тромбофлебит, атеросклероз сияқты ауруларды тудырады).
Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу шарттары сақталатын және сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар заңды жеткізушілерден ғана сатып алу қажет.