16
апрель
2019
"Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі" атты Ізгілік күніне арналған тренинг сабақ.
ТарМПУ қабырғасында "Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі" атты Ізгілік күніне арналған тренинг сабақ өтті. Тренингті ТарМПУ оқытушылары ұйымдастырып өткізді. Аталған тренингке Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 10-сынып оқушылары мен жас мамандары және мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, университет студенттері мен оқытушылары қатысты . Семинар - тренинг мақсаты жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру бағытында болды. Бұл семинарда мән-мағынасы зор көріністер, тәлім - тәрбиесі мол ой пікірлер айтылды. Семинар соңы ұйымдастырушылар алқасының қатысушыларға алғыс хат ұсынуымен қорытындыланды.