«Менің арманыма алғашқы қадам...» » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің арманыма алғашқы қадам...»
06
май
2021

«Менің арманыма алғашқы қадам...»

                                                       «Менің арманыма алғашқы қадам...»
Бүгін  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «USTAZ» институтының «Білім беру және менеджмент» кафедрасында Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің педагог мамандығын таңдаған жас түлектері «Менің арманыма алғашқы қадам...» атты ашық есік күніне арналған кешке қатысты. 
   Кештің мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; жоғары оқу орнының қызметкерлерімен, үлгі тұтар тұлғамен кездесу.
    Кіріспе сөзде жас түлектерге академик аудиториясындағы кеш қатысушылары екендігі, бүгінгі киелі білім ордасы – «USTAZ» институтында талай ұстаздар, академик, профессорлар табылдырығын басқан, қаншама педагог білім беру саласына жолдама алғандықтары жайында тоқтала отырып бастадық.
   Кешті ашып беру үшін алғы сөз «Білім беру және менеджент» кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Бұзаубақова  Клара Жайдарбековнаға беріледі. Клара Жайдарбековна жас түлектерге  мамандық таңдаудың қыр-сырын ,жалпы педагогика мамандығының қоғамда жас ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі мен нағыз ұстаз атанудың, өз ісінің шебері болудың маңыздылығы туралы кең ауқымда, өз тәжірибесімен бөлісе отырып, жас түлектерді қызықтыра әңгімелеп берді.
 Танысу бөлімінде «Білім беру және менеджент» кафедраның аға оқытушылары Бопетаева Сауле Жакиповнамен Кумисбекова Жазира Науатбековнаны таныстырып өттік.
« Кел танысайық» жаттығуы арқылы жас түлектер өздерін таныстырып өтті.
    Биылғы жылдың 28 сәуірде өткен «Білім беру және менеджент» кафедрасының жас түлектер арасындағы педагогикалық олимпиаданың бас жүлдесін иеленген Шаяхмет Әсел, өзіне осы аталған олимпиададан кейін бірден өз мектебіндегі жас түлектермен қайырымдылық апталығын жандандырып, іске кірісіп кеткендігіне, жалпы жоғары оқу орнындағы іс-шараның, Клара Жайдарбековнаның шабаттандырып, тың идеяларға жол бастағанына тоқталып, алғысын білдірді.
 Сыр сұхбат « Сұрақ бізден, жауап сізден» бөлімінде жас түлектер өздерін толғандырған сұрақтарына көңіл толтырарлық, тәлім –тәрбие аларлық жауаптар алды. Сұхбат барысында қазіргі уақыттағы мектеп, ұстаз келбеті жайында тартысты пікірлер айтылды. Жалпы өзін –өзі реттеу , дамыту үшін күнделікті күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуының маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
  Қорытынды кезеңде «Білім беру және менеджент» кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Бұзаубақова  Клара Жайдарбековна жас түлектерге өз қолтаңбасымен кітаптарын естелікке, ақ тілектерімен жолдама ретінде сыйға тартты.
  Осы қорытынды сәтте Шаяхмет Әсел бүгінгі кеш барысында Клара Жайдарбекқызына өз бойындағы еркіндік, үнемі алдыңғы болу позициясынан ұқсастық тапқанын әңгімелеп, үлкен әсер алғанына тоқталып, алғысын білдірді.
 Бүгінгі кештің ұйытқысы болып, жас түлектерімізге мамандық таңдауда  үлкен жол көрсеткен, өз тәжірибелерімен бөліскен  Клара Жайдарбековнаға ,  Бопетаева Сауле Жакиповнаға, Кумисбекова Жазира Науатбековнаға алғысымызды білдіреміз.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Идиятова Г.Ж.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив