30
ноябрь
2019
"АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА, АБАЙ -ДАНА ҚАЗАҚТА" атты әдеби сазды кеш өтті.
Ұлы хәкім Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА, АБАЙ -ДАНА ҚАЗАҚТА" атты әдеби сазды кеш өтті. Ұйымдастырылған кеш жоғары деңгейде өтіп, көрермен қауымның зор ықыласына бөленді. Кеш барысында Абайға арнау, Абай әндері, қара сөздері, өлеңдері, ән, би, күй, Абай шығармашылығынан көрме, Абайдың рөлінде көріністер болды. Осындай кешті жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан ұйымдастырушылар алқасына зор ілтипатпен алғыс айтамыз.