11
ноябрь
2025
2025 жылдың 11 қарашасында Шона Смаханұлы атындағы 44 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні айлығының ашылуы салтанатты өтті.
2025 жылдың 11 қарашасында Шона Смаханұлы атындағы 44 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні айлығының ашылуы салтанатты өтті. Мақсаты: оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту, көркем шығармалар арқылы рухани- адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Ашылу рәсімі мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері дайындап, жоғары деңгейде өткізді.
Оқушылар орыс ақындары мен жазушыларының шығармаларынан үзінділерін оқып, сахналық көрініс, ән айту сияқты өнерлерін көрсетті. Әсіресе 4 сынып оқушыларының орындаған “Варенька” халық биі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында “Знаешь ли ты русский язык?” викторина сұрақтары арқылы ойын ойнатылды.
Мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мухановна оқушыларға әлемдік тілдерді оқып үйренудің маңыздылығы туралы түсіндіріп, айлықты ашық деп жариялады. Айлықтың ашылуы әсерлі, мазмұнды өтті. Оқушылар орыс тілінің байлығы мен әдебиетінің терең мәнін түсінуге қызығушылық танытты. Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі нәтижесінде қызықты өткен іс- шара болды.
