Ата-аналарға » Страница 4 » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
"Бопсалау", "Интернет алаяқтық", "Буллинг"
01
февраль
2024
"Бопсалау", "Интернет алаяқтық", "Буллинг"
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні директордың қүқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - А.Куандыков аумақтық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор, полиция майоры - Б.Джайнаковтың қатысуымен мектеп оқушылары мен педагогтары арасында зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің (буллинг), кибербуллингтің алдын алу мақсатында "Бопсалау", "Интернет алаяқтық", "Буллинг" тақырыптарында дәрістер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. +2
Төле бидің 360 жылдығына "Туралықты тұғыр еткен Төле би"
28
декабрь
2023
Төле бидің 360 жылдығына "Туралықты тұғыр еткен Төле би"
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 2023 жылдың желтоқсан айының  21 күні оқуға құштар мектеп жобасы аясында 6 сынып білім алушылары мен мектеп кітапханашысы Төле бидің 360 жылдығына "Туралықты тұғыр еткен Төле би"  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар тарихқа терең бойлай отырып , дана бидің өмірі мен көрегендікпен айтқан өсиеттеріне қанық болды.
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023
27
декабрь
2023
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 2023 жылдың маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектебімізге 254819 млн қаражат бөлінді. Осы қаржыға мектептің есік-терезесі, едені, жылу жүйесі, әжетханалары т.б. жұмыстар жасалынды.  Қалалық білім бөлімінен мектепке жоғары сыныптарға арналған 10 класс комплекті берілді. Асханаға тоңазытқыш,мұздатқыш,қуыру шкафы,плита, ас дайындайтын үстел және оқушы тамақ ішетін 20 үстел орындығымен берілді.  Мектеп ұжымы  100 пайыз «ОPIQ.KZ»
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
25
декабрь
2023
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!  Ш.Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінің ұжымы Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылдарыңызбен құттықтайды!  Жаңа жылдық мерекелік қуанышты сәттерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыздар! Балалардың пиротехникалық жарылғыш заттарды қолданып, түрлі жарақаттар алуынан сақтаңыздар!  Алдағы мерекелік демалыс күндерінде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!  Кәмелетке толмаған балалардың жауапкершілігі әрдайым ата-аналарға жүктелетіндігі жөнінде ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
"Әке, ана, бір-бірімізге тілек хат жазайықшы"
07
декабрь
2023
"Әке, ана, бір-бірімізге тілек хат жазайықшы"
Шона Смаханұлы атындағы #44 мектеп білім алушылардың ата-аналарымен уақыт өткізу барысында "Әке, ана, бір-бірімізге тілек хат жазайықшы" тақырыбы аясында 4"В" сынып оқушысы  Өтеген Айлин отбасымен іс-шараға белсене қатысты. "Сеніммен Болашақ" РҚБ Жамбыл облыстық филиалы және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Бірге болайық" ата-анаға мессендж акциясы аясында берілген тапсырмасы өз нәтижесін берді. Сынып жетекші: Белғожаева Раушан Дүйсенбекқызы #сеніменболашақ
"Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір"
21
ноябрь
2023
"Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір"
 "Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір" атты республикалық онкүндікті ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Тараз қаласының білім бөлімінің ұсынымдарына сәйкес "Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі" тақырыбы бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.Байғазиева ата-анасының қамқорлығынсыз балалардың қамқоршыларымен кездесулер өткізіп, үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеді, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кеңестер берді.