«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды ! » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды !
01
март
2024

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды !

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» КММ КОНКУРС жариялайды: •Конкурс Қазақстан Республикасы Премерь-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 16 тамыздағы №343 пен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 бірлескен бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген талаптарына сай жүргізіледі. •Бос орын туралы хабарландырулар «Enbek.kz», Facebook, мектеп сайтына жарияланады. •Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі: 1)Тәлімгер (негізгі орынға) 1 бірлік Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі» КММ •Мекеменің мекен-жайы: 080003 Тараз қаласы, К.Әзірбаев көшесі 154 үй. Анықтама телефоны: 52-20-82, эл. почта schoool_44@mail.ru 2. негізгі функцияналдық міндеттері: Білуге тиісті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды. Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады. •еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: 1)Тәлімгер лауазымына (негізгі орынға) 1 бірлік, айлық (сағаттық) тарифтік мөлшерлеме 65 656 (алпыс бес мың алты жүз елу алты)теңге Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті. •Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі орын •Құжат қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 01 -12 наурыз аралығында •Конкурс өткізу күні: 15.03.2024жыл сағат 11.00-де болады. •Конкурсқа қатысыу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1)15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)Жеке басын куәландыратын құжат; 3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы; 4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау минстрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) 7)Психоневрологиялық туралы анықтама 8)Наркологиялық ұйымнан анықтама; 12)16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 13)тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. •Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. •Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, К.Әзірбаев көшесі №154 мекен-жайында орналасқан «Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің» қабылдау бөлмінде қабылданады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Kkldvk
8 марта 2024 22:54
buy atorvastatin 40mg for sale <a href="https://lipiws.top/">purchase atorvastatin for sale</a> atorvastatin order