16
апрель
2019
№44 орта мектебі 3 тоқсанға қорытынды жасап ашық аспан астындағы пед кеңесін өткізді
1-сәуір Ш.Смаханұлы атындағы #44 орта мектебі 3 тоқсанға қорытынды жасап ашық аспан астындағы пед кеңесін өткізді. Пед кеңесті мектеп директоры Б.Ж.Жақсыбеков ашып берді. Пед кеңес жалпы тәрбие бағытында болды. Мектеп коучтары мен модераторлар "Рухани жаңғыру - табысты ел болудың кепілі" тақырыбына баяндама, тапсырма, трениг, сынып жетекші мен ата-ана туралы түрлі тренингтер мен ойындар, педагогикалық жағдаяттар мен сергіту сәттерін өткізді. Сонымен қатар ұстаздарға спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Жас мамандарға арналған тренингтерде өткізілді. Ұстаздар өздерінің бірлігін, ынтымақтастығын танытып дастархан жасалынып астан дәм татты. Пед кеңес соңы қорытындыланып, кері байланыс жасалынып, белсенді топтарды мадақтама қағаздармен марапаттаумен аяқталды.