Ауғанның отты жылдары » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауғанның отты жылдары
14
февраль
2019

Ауғанның отты жылдары

      Ағымдағы жылда кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында еліміз елеулі өзгерістермен жаңалықтарға толы тарихи оқиғалардың ортасынан  орын ала білді .Уақыт өткен сайын әр күніміз тарихтын төрінен орын алуда. Сондай атаулы күндердің бірі Ауған жерінен КСРО әскерінің шығарылуын айтсақ болады. Ауған жерінде кеңес әскерлері өздерінің жауынгерлік–интернационалистік борышын өтеу барысында ерлік пен қайсарлықтың жоғарғы үлгісін көрсете білді. Біз бүгінгі күннің ұрпақтары Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерімен атқарған қызметін құрмет тұтып, ардагерлерді қастерлеуіміз  керек. КСРО үкіметі  ауған жерінде әскери іс қимылдар жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар аурухана, мектеп, тұрғын үй құрлыстарын жүргізу жұмыстарымен айналысты. Мектебімізде осы айтулы күнге байланысты облыстық Ауған соғыс ардагерлерінің ұйымының төрағасы Ермеков Дүйкенбай Сайлаубекұлы ағамыздың және Ауған соғысының ардагерлері Малдыбаев Рақымжан Акимханұлы, Рақманқұлов Асқат Сейділдәұлының қатысуымен кеш өткіздік. Кеше өту барысында 10-сыныптардың оқушылары өздерінің осы кешке арнап ұйымдастырған концерттік-бағдараламасын ұсынды. Кеш барысында Ауған соғысының тарихы туралы сыр шертетін видео-фильмдер, Ауғандық жауынгерлердің өлең-жолдарынан үзінділер оқылды. 10-А сынып оқушысы Құлтөре Нұртілеу ардагерлерге арнап өзінің арнау-жыр жолдарын оқып берді. Ауған соғысы ардагерлері кеш барысында өздерінің әскери қызметі барысында бастан-кешкен оқиғалары туралы әңгімелеп берді. Ардагерлер кездесу барысында оқушылардың көкейінде туындаған сұрақтарына жауап берді. Кештің соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив