ҚҰТТЫҚТАУ
Құрметті мектеп оқушылары, мұғалімдері және ата- аналар!
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялағанТәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік. Болашақ қазақ елінің жастарына қазақ жерінің тұтастығымен қатар, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін тұтастай жеткізейік.
Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғыртып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.
Баршаңызға аманшылық, елімізге тыныштық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,
Мемлекетіміз мәңгілік ғұмырлы болсын!