02
декабрь
2019
"КІШІ ФУТБОЛДАН" жарыс болып өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында бүгін 30 қараша сенбі күні Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде дене шынықтыру пән бірлестігі мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында "КІШІ ФУТБОЛДАН" жарыс болып өтті.Жарысқа қалалық ПБ , мектепшілік есепте тұрған оқушыларда қатыстырылды.Ойынға оқушылардың өздері төрешілік етті. Ойынға 8-Ә, 8-А, 9-А, 9-Ә , 9-В, 9-Г , 10-Ә, 10-А сыныптары қатысты. Жарыс нәтижесінде І-орынды 10-А сыныбы, ІІ - орынды 10-Ә сыныбы, ІІІ-орынды 8-Ә сыныбы оқушылары иеленді.Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.



