22
апрель
2025
2025 жылдың 22- сәуірінде, дене шынықтыру бірлестігі айлығында педагог-модератор Ордабай Еркебұлан Нұрбайұлы 6ә сыныбына "Эстафеталық жаттығулар"тақырыбында зерттеу сабағын өткізді
Шона Смаханұлы атындағы √44 орта мектебінде 2025 жылдың 22- сәуірінде, дене шынықтыру бірлестігі айлығында педагог-модератор Ордабай Еркебұлан Нұрбайұлы 6ә сыныбына "Эстафеталық жаттығулар"тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.Зерттеу сұрағы "Эстафеталық ойын арқылы жугіру жаттығуларын қалай дамытамыз?Зерттеу сұрағының аясында ,білім алушылардың дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыратын,бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды.Сабақ барысында "Кім жылдам? " "Құрсау арқылы жугіру" "Тізбекпен бірге" ойындары ойнатылып,жеке,жұптық,топтық жұмыс түрлерін жургізді .Әр ойыннан кейін білім алушыларға өзін-өзі бағалау және өзара бағалау турлерін қолданды.Сабақ соңында Еркебұлан Нұрбайұлы зерттеудегі мақсаты мен зерттеу барысында кездескен проблемалар және оларды шешу жолдарындағы жұмыстарды ,қазіргі таңдағы қолжеткізген нәтижелері туралы талдау жасады.Топ бақылаушылары зерттеу барысындағы өз ойларын ортаға салды.Өткізілген зерттеу сабағына қатысқан педагогтар оң пікірлерін білдірді.