11
октябрь
2023
2 "В" сыныбында «Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептер » тақырыбында зерттеу сабағы өтілді.
Бүгін 12 қазан күні Шона Смаханұлы атындағы орта мектебінде «Бастауыш сынып пән сабақтарында инновациялық технологияның әдіс-тәсілін тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру» атты бастауыш сынып пән бірлестігі айлығында педагог – сарапшы Аманбаева Нурзия Сембекқызының
2 "В" сыныбында «Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептер » тақырыбында зерттеу сабағы өтілді. Зерттеу сұрағы «Математика пәнінде топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қасиетін қаншалықты жақсартады?»
Зерттеу сабағы барысында педагог өзінің түрлі тәжірибесін, әдіс-тәсілдерін келген әріптестерімен бөлісті. Сыныпта психологиялық ахуал орнатып, үй тапсырмасы «Wordwall» платформасы қолданылды.Сабақ барысында «Сиқырлы қорап»,«Ойлан,бірік, бөліс»топтық жұмыс, «Сәйкестендіру» жұптық жұмыс және де «Семантикалық карта» жеке жұмыстары орындатылды. Сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, «Жанармай құю» әдісі арқылы кері байланыс алынды. Зерттеу сұрағына оқушыларға топтық тапсырма берілді. Тапсырманы орындау барысында балалардың талқылауы фото, видеоға түсірілді. Жұмыс барысында әр оқушыға арналған тексеру парағы, табыс критерийлері жазылып, оқушының сабаққа қалай қатысқаны белгіленіп отырды.Сабақ соңында өткізілген сабаққа рефлексия жасай отырып, қатысушыларға сабақты қорғап шықты. Зерттеу бөліміндегі әдіс- тәсілдердің сәтті және сәттіз тұстарына тоқталды. Педагогке өзінің зерттеу сабағында әдіс-тәсілдерін бөліскені үшін қатысқан әріптестері оң пікірлерін білдіріп, оқушылардың топтық тапсырмалар орындауда қалыптасқан дағдыларын байқағандығын және оқушылардың белсенділігі туралы жақсы пікір қалдырды.
+4