23
февраль
2021
"Тіл - татулық тірегі" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында "Тіл - татулық тірегі" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 1-4 сыныптар арасында оқушылар қатысты. Оқушылар ақындардың тіл туралы шығармаларын мәнерлеп айтуда сайысқа түсті. Байқаудың нәтижесінде 1 сыныптар арасында І- жүлделі орынды 1ә сынып оқушысы Болатбек Аяжан, 2 сыныптар арасында бас жүлдені 2а сынып оқушысы Тасыбай Әдемі, 3 сыныптар арасында бас жүлдені 3а сынып оқушысы Амангелді Адина, 4 а сынып оқушысы Мейрамбек Алуа бас жүлдені жеңіп алды.