12
март
2021
9-шы сынып оқушыларымен жоспар бойынша кәсіптік бағдар жұмысы бойынша арнайы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Айман Ерғалиқызының ұйымдастыруымен 12.03.2021ж күні сағат 11:00 де 9-шы сынып оқушыларымен жоспар бойынша кәсіптік бағдар жұмысы бойынша арнайы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге қаламыздағы алты колледжінен жауапты мамандар келіп оқушыларға кәсіптік бағдар берді. Атап айтсақ, Жамбыл мединалық жоғары колледжінен бөлім меңгерушісі Дуйсембиева Ұ.Е, оқытушылар Коканбаева А.К, Балтаева Ә.Қ, жжұмыспен қамту бөлімінен Сәулембаев Қ.Ғ, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен «Автомеханика» кафедрасынан 1. Қартабаев А кафедра меңгерушісі, кәсіптік бағдар бойынша жауапты Джулдибаева А, Джитекова А, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінен Сәнді қолданбалы өнер кафедрасынан Толегенов С.А «Қайнар» Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурекеева М.Д, оқытушы Кокумбаева Б.А, програмист Жаңғараев С.Б. Қазіргі заман гуманитарлық колледжінен Сарманбаева А, Жомогиева Ж. Жамбыл инновациялық жоғары колледжінен келіп өздерінің осы уақытқа дейінгі жетістіктері мен дайындайтын мамандықтарымен бейнероликтері арқылы таныстырды.