05
ноябрь
2021
Мектеп тренерлері мен деңгейлік курстан өткен педагогтары дөңгелек үстел ұйымдастырды.
2021 жылдың 5 қарашасында жетекші мектеп жұмыс жоспарына сәйкес серіктес мектептер 50,54 орта мектептердің мектеп тренерлері мен деңгейлік курстан өткен педагогтарының қатысуымен биылғы оқу жылында жинақтау кезеңіндегі атқарылатын іс-шаралардың жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жетекші мектеп үйлестіруші Шелкеева Балхаш Нұраханқызы іс- шаралар жоспарын таныстырды. Таныстыру барысында әр жоспарланған жұмыстарға егжей- тегжейлі тоқталып, серіктес мектеп педаготары тарапынан өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Жетекші мектеп директоры Баймурат Жаксыбекович сөз алып, желілік қоғамдастықта жұмыс жасаудың маңыздылығына,жинақтау кезеңінде жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары оқыту процесін жақсартуда желілік қоғамдастықта атқарылатын жұмыс түрлерін айқындады. Бастауыш сынып мұғалімі, педаго - зерттеуші Джакаева Гульбакира модератор ретінде сабақты зерттеу бойынша өз зерттеу тобының тәжірибесімен топ мүшелерімен біріге бөлісіп, сабақты зерттеудің білім сапасына, педагогтардың кәсіби өсуіне зор ықпал еткенін дәлелдемелермен ортаға салып, құнды пікірлерін білдірді.Серіктес мектептен келіп қатысқан, өз тәжірибесімен бөлісіп ашықтық танытқан педагогтарға алғысымызды білдіреміз 