04
июнь
2021
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ!!!
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ!!!
Бүгін бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші Джакаева Гүлбакира Сайлауқызы "Мамандығым- мақтанышым" атты мектепішілік шығармашылық кешінде зерттеу жұмыстары, яғни "Тәжірибедегі рефлексия" (Action Research) бойынша "Бастауыш сынып оқушыларын сыни ойлау арқылы сөйлеу, оқу мен жазуға дағдыландыру" тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.Кеш барысында шәкірттерінің алғашқы ұстаздарына арнауы, "Менің алғашқы ұстазым" атты үздік эсселері, ой толғаулары тыңдалды. Гүлбакира Сайлаукызының жетекшілік ететін жас мамандар мектебінің түлегі Амангелді Айгерім тәлімгерлерлік қызметі бойынша бағыт бағдар бергені үшін жас мамандар атынан алғыс білдірді. Кеш соңында Гүлбакира Сайлаукызынынын әдістемелік оқу құралының тұсауы кесілді. Салтанатты рәсімді мектеп директоры Баймурат Жаксыбекұлы жасады. Мектеп директоры облыс көлемінде тәжірибесімен бөліскені үшін кеш иесіне облыстық білім басқармасының сертификатын табыстады. Шығармашыл әріптесімізге ұстаздық қызметінде биіктен көрініп , еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдіреміз.