СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Тараз қаласының білім бөлімінің "Білім беру мекемелерінде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау туралы" бұйрығында көрсетілген бірыңғай сейсможаттығулар өткізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 14 сәуір күні мектебімізде "Шартты түрде орын алған жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл әрекеттерін пысықтау" мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараға мектептің барлық білім алушылары, педагогтар мен қызметкерлер құрамы қатыстырылды.

Оқу-жаттығу барысында қауіпсіз орынға жиналған білім алушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету, өрт жағдайлары орын алған кезде өрт сөндіру құралдарын пайдалана білу, қорғану құралдарын (газ тұмылдырықтары) пайдалану жолдары іс жүзінде көрсетіліп, түсіндірілді.