Өрт жағдайында мектеп білім алушылары мен қызметкерлерін эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулары өткізілді.
Тараз қаласы білім бөлімінің "Азаматтық қорғаныс және ТЖ алдын алу туралы" 05.01.2022 ж. №2 бұйрығына сәйкес 21.04.2022 ж. Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде шартты түрде орын алған Өрт жағдайында мектеп білім алушылары мен қызметкерлерін эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулары өткізілді. Сабақ уақытында ұзақ дабыл белгісі берілгеннен кейін мектеп білім алушылары мен қызметкерлері оқу ғимаратынан сыртқа шығарылып, шартты түрде қауіпсіз деп танылған алаңға жиналды. Оқу-жаттығу кезінде шартты түрде орын алған өртті сөндіру тәсілдері мен алғашқы медициналық жәрдем көрсету амалдары қарастырылды.