29
октябрь
2021
11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
28.10.2021ж Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде 11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы ашып берді. Күн тәртібіндегі 2021-2022 оқу жылындағы ҰБТ-ның өткізілу форматының ерекшеліктері туралы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райқұлов Маулен Райқұлұлы таныстырды. 11сынып жетекшілері І-тоқсан қорытындысы, ҰБТ бойынша сынама тест қорытындысы туралы ата-аналарды хабардар етті. Ата-аналар көкейлерінде жүрген ҰБТ бойынша барлық сұрақтарға өз жауаптарын алды. 

