04
ноябрь
2021
ББЖМ бойынша және халықаралық зерттеу бойынша әдістемелік семинар өткізілді.
Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде 4,9 сынып білім алушыларына сабақ өткізетін пән мұғалімдеріне ББЖМ бойынша және халықаралық зерттеу бойынша әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға 4,9 сынып оқушыларына сабақ беретін 20 мұғалім қатысты. Семинар барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райқұлов Мәулен Райқұлұлы ББЖМ бойынша жалпы ақпараттармен таныстырды. Директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Айман Ерғалиқызы халықаралық зерттеу бойынша (PISA, TIMS) пән мұғалімдерін ақпараттандырды.
